Мемлекеттік қуыршақ театрына – 85 жыл

03.03.2020 в 03:03

Мерекеге орай өнер ошағы балаларға арнап, фестиваль ұйымдастырды

Биыл Мемлекеттік қуыршақ театрына – 85 жыл. Осы мерекеге орай өнер ошағы балаларға арнап, фестиваль ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шарада бүлдіршіндерге қуыршақтардың қалай жасалатыны көрсетіліп, бірнеше қойылым ұсынылды. Ғасырға жуық тарихы бар театрда бүгінде қазақ және орыс тілінде 80-ге жуық спектакаль бар. Театр қызметкерлері балалардан бөлек, ересектерге арналған түрлі жанрдағы қойылымдары да ұсынып келеді. Өткен ғасырдың басында жұмысын бастаған қара шаңырақ бүгінде бірнеше буын жас әртістерді тәрбиелеп, балғындардың жан-жақты азамат болып қалыптасуына елеулі үлесін қосуда. Тарихы таяқ қуыршақтан басталған театр бүгінде заман талабына сай түрлі техникалық-лазерлі жабдықтармен көркемделген.

«Қуыршақ театрының тарихын еске алатын болсақ, ол ортекеден басталады. Өйткені кезінде ата-бабаларымыз, қолына домбырасын алып, ортаекені алдына қойып, күйді тартқан кезде, алдындағы аңдардың бәрі қуыршақтың қимылын жасаған. Осы театрдан ләззат алып кетсе, рухани байлық алып кетсе деп әр бала ерекше ілтипатпен қараймыз», – деді Мемлекеттік қуыршақ театрының әртісі  Гүлжәмила ІЛИЯСОВА.