Манарбек Ержановтың 120 жылдығына арналған фестиваль өтті

11.02.2021 в 03:05

Кеште республикалық ән байқауларында топ жарғандар мен елімізге белгілі дәстүрлі әншілер өнер көрсетті

Alatau Creativ Hub орталығында әнші, күйші, композитор, актер Манарбек Ержановтың 120 жылдығына арналған фестиваль өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеште республикалық ән байқауларында топ жарғандар мен елімізге белгілі дәстүрлі әншілер өнер көрсетті.

Манарбек Ержановтың қазақ ән мәдениетіндегі орны өзгеше. Кезінде Әміре Қашаубаевтан сабақ алған дарынды сазгер 150-ден аса ән мен күй шығарған. «Қыз Жібек»,  «Ер Тарғын», «Абай», «Біржан-Сара» операларында ойнап, актерлік шеберлігімен де танымал болды.

«Естайдың, Ақан серінің, Біржан салдың әндерін сонау Мәскеу төрінде бүкілодақтық концерттерге қатысып, ән шырқап жүрген дарынды, бірегей тұлғалардың бірі деп мақтанышпен атап айтуымызға болады», – деді Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығының жетекшісі Роза Қаженова.