Алматыда студенттер арасында «Бұрымды қыз» қалалық байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұлттық құндылықты насихаттауды мақсат еткен сайыста әр білім ордасынан 55 бойжеткен бақ сынады. Қомақты ақшалай жүлделер тағайындалған байқауда онлайн іріктелген арулар бұрымдарының ұзындықтарын өлшеп жарысқан еді. Ал ақтық мәреде халқымыздың салт-дәстүрі мен наным-сенімдері бойынша білімдерін таластырды. Конкурс нәтижесінде Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің 19 жастағы студенті бас жүлдені қанжығасына байлады.
«Қазір өте керемет сезімде тұрмын! Себебі бүгін менің туған күнім. Керемет күнде қымбат сыйлыққа ие болдым», – деді С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ-нің студенті Диляра Еслямбек.