Алматыда республикалық «Айтұмар» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды
Almaty.tv
Cайыста елдің әр аймағынан 200-ге жуық шығарма сынға түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда республикалық «Айтұмар» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстан Жазушылар одағының мұрындық болуымен өткен сайыста елдің әр аймағынан 200-ге жуық шығарма сынға түскен. Қаламгерлер поэзия, проза және драматургия бағыты бойынша бақ сынады. Ал жеңіс тұғырынан көрінген жас жазушыларға ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтар табысталды.
«Бұл шығармалар байқауының ең негізгі ұтқан жеріміз, жақсы шығармалар дүниеге келді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ге тарта шығарма түсті. Мысалы поэзия номинациясының өзінен 63, проза номинациясынан 103, драматургиядан 13 шығарма түсті», – деді Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43