Ұлттық музейде «Ұлы Даланың ежелгі өнері және технологиялары» залы ашылды

Ұлттық музейде «Ұлы Даланың ежелгі өнері және технологиялары» залы ашылды
«Аң» стилінде орындалған скиф-сақ кезеңінің бірегей алтын бұйымдары бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ұлы Даланың ежелгі өнері және технологиялары» залы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Зал жәдігерлерінің ішінде көпшілікке Есік, Берел, Талды, Тақсай және тағы басқа қорғандарынан табылған, «аң» стилінде орындалған скиф-сақ кезеңінің бірегей алтын бұйымдары бар. Сондай-ақ, мұнда Бурабай, Қанаттас, Қызыл-Қайнар-төбе, Ақтөбе және археологиялық ескерткіштердің «полихромдық стиль» дәстүрінде дайындалған, біздің заманымыздың IV-V ғасырларына жататын заттары қойылады.

«Залды ашудағы мақсат – ұлы дала төсіндегі әлемдік өркениеттердің үндестігін көрсету, сонымен қатар бұл жерде Қазақстанның әр өлкесінен табылған бірегей алтын жәдігерлер және бағалы металл жәдігерлері арқылы сол заманның, яғни сақ-сармат замынының, ғұн заманының дүниетанымын, тұрғындарының өнерін, мәдениетін, сол жәдігерлерде жасауда қолданған шикізаты, оның жасалу жолдары, осының барлығын көрсету», – деді ҚР Ұлттық музейі «Халық қазынасы» институтының басшысы Ақан Оңғарұлы.

Новости партнеров