|
07.04.2022 | 23:12
798

Елордада «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында халықаралық фестиваль өтті

Қатысушылар еліміздің әр өңірінен жиналды

Елордада  «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында халықаралық фестиваль өтті Almaty.tv

Бүгін елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарды қолдауға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында халықаралық шығармашылық фестиваль өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Конкурс 4 сәуір күні басталған. Қатысушылар еліміздің әр өңірінен жиналды. Ал орындалатын репертуарлар жастардың жас ерекшелігіне, шығармашылық мүмкіндігіне сай таңдалды.

«Номинациялар негізінде екіге бөлінді. Бірінші спектакль, яғни қойылым көрсетілді. Екінші күні көркемсөз оқу номинациясы бойынша өнер көрсетті. Жас ерешелігі ескерілді», – ұйымдастырушы Әлфия Қылышбай.

Қазылар алқасының құрамы білікті мамандардан құралды. Сондай-ақ, балалардың өнерін шектемеу үшін еркін тақырып таңдалды. Ұйымдастырушылар оқушылар мен студенттерге қала ішінде экскурсия жасап, шеберлік сағатын өткізді.

«Бізге ұнады. Келген кезде бізді күшті қарсы алды. Мешітке бардық, автобуспен жүріп, бүкіл қаланы араладық. Бәйтеректі көрдік, – деді қатысушы Мерей Бақтыбай.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир