|
09.08.2021 | 23:24
880

Абай күні: Мәдениет басқармасы мен «Алатау» театры қос бірдей байқау ұйымдастырды

Ертең хакім Абайдың туған күні

Ертең хакім Абайдың туған күні. Айтулы датаға орай, қалалық Мәдениет басқармасы мен «Алатау» дәстүрлі өнер театры республикалық деңгейде қос бірдей байқау ұйымдастырды. Ақынның шығармашылығын дәріптеуді мақсат еткен сайыс онлайн форматта өткізілмек. Қатысушылар Қазақстанның әр аймағынан видео жолдап, әлеуметтік желіде театрдың арнайы бекіткен хештегін қою арқылы іріктеледі. Ал, байқау жеңімпазы әділқазылардың екінші кезеңдегі шешімінен соң белгілі болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Адамға адам баласының бәрі дос», деп гуманистік идеяны айтқан Абай қашанда қазақтың адастырмас дара тұлғасы деп білеміз. Оны біздің дәріптеуіміз керек және ол ұрпақ үшін идеал болуы керек», – деді «Алатау» дәстүрлі өнер театры әдебиет бөлімінің басшысы Қуаныш Жұмабекұлы.

Айта кетейік, аталған байқау екі бағытта ұйымдастырылып отыр. Бірі – ақынның туындыларын ұлттық аспапта сүйемелдей отырып орындау болса, екіншісі «Абай жолы» романындағы кейіпкерлермен аттас қатысушыларға арналады. Олар еркін форматта ғұламаның ғұмырымен байланыстырылған бейнеролик арқылы іріктеліп алынбақ.

«Екі байқауға да Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар қатысып жатыр. Бізге хабарласып талаптарын қайта-қайта сұрап жатыр. Сол себепті біз үміттіміз, жақсы жеңімпаздар болады. Оған сай жақсы сыйақылар бар, арнайы жүлделер бар», – деді «Алатау» дәстүрлі өнер театры дамыту бөлімінің басшысы Замира Тойшыбекова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир