Шетелдіктер Алматының көрікті жерлерін тамашалаған
Димаш Құдайбергеннің Нұр-Сұлтан қаласындағы концертін көрген Франциядағы жанкүйерлер клубының мүшелері Қазақстанға қайтып келмек ойда, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Шетелдік жанкүйерлер әншінің концертінен кейін Алматы қаласында болып, оның көрікті жерлерін тамашалап қайтқан. Француздар әсіресе қазақстандықтардың ақпейілділігі мен еліміздің әсем табиғаты үлкен әсер еткенін айтады. Фан-клубтың барлық дерлік мүшелері келесі еңбек демалыстарында елімізге қайта келуді шешіп отыр.
«Қазақстанда өз елімізде жүргендей сезіндік. Бізді өте жақсы қарсы алды. Қазақ елі әсем табиғатымен және халқының қонақжайлығымен есте қалды. Сондықтан Қазақстанды қайта барып көргіміз келеді», - дейді Димаштың жанкүйерлері клубының әкімшісі Сандра Скамарони.
«Мен қазақ елін Димаш арқылы таныдым. Ол Қазақстанды келіп көруге кеңес берген. Қазастанның адамдары қонақжай, табиғаты тамаша екен», - дейді жанкүйерлер клубының мүшесі Сильви Гальдеано.