Құнды жәдігерді Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің шеберлері ретке келтіріп шыққан
Туған-туыстары арқылы қолдан қолға жетіп, жуырда ғана табылған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының домбырасы толық реставрациядан өтті. Құнды жәдігерді Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің шеберлері ретке келтіріп шыққан. Жалпы мұражайдағы шеберлер қалай жұмыс істейді? Музыкалық аспаптарды сақтайтын мәдениет ошағында ең көне экспонат не?
Музейде жалпы 1300-ден аса жәдігер бар. Соның ішінде ұмыт болған аспаптар бар. Соның бірі мінекей желбуаз деген аспап. Көне жәдігер туралы толық эскуросодтан білсек. Бұл аспаптың жалпы тарихы қандай? Ерекшелігі неде?
«Желбуаз аспабы негізінде волынка аспабы бар ғой шетелдік, соның ата тегі болып табылады. Ерекшелігі түркі жазбаларында, Қытай жазбаларында айтылады. Бұл аза тұту аспабы болып саналған. Адамды соңғы сапарға шығарып салған кезде ер азамат аттың үстіне отырып дәл осы аспапта ойнаған. Дыбысы мұңды. Бұл аспапты қайта жаңғыртқан Нұрғиса Тілендиев болып саналады. 1980 жылы Отырар сазы оркестрінде пайдаланған. Материалы бойынша жас лақтың терісі пайдаланған. Қосымша дыбыс үйрлейтін қамыс түтікшелер қойылған», – деді Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейінің экскурсоводы Данияр Жанқабаев.
Енді осы жәдігерлердің қалай сақталып, қалай реставрациядан өтетінін білгіміз келеді. Ол үшін мұражайдағы арнайы шеберханаға келдік. Мұнда міне шеберлер қызу жұмыс істеп жатыр.
Аға, қазір міне қандай жұмыс істеп жатсыз? Нені реттеп жатсыз?
-Мынау көне күбі. Келісап қой. Бұл енді 18-19 ғасыр ме екен, мүмкін одан ерте шығар. Соның мынау ары қарай сақталуы үшін жарылған жерлерін тоқтатуымыз керек.
-Жұмысыңыздың қиындығы неде?
-Әлгі көз қорқақ, көз батыр дейді. Ескіні алсаң есің шығады дейді ғой. Бұл ең бірінші материалы. Оның қандай екенін табу ең қиынға түседі. Орнына мынадай ағаштар салғаннан кейін басқа түске айналып кетуі мүмкін. Сарғайып, не қарайып кетуі мүмкін. Сондықтан мұның машақаты көп деп білем.
-Жақсы рахмет аға. Істеріңізге сәттілік тілейміз. Ал тағы бір айта кетерлігі жуырда ғана Ахмет Байтұрсынұлының домбырасы табылған болатын. Ол туралы біздің әріптестеріміз ақжолтай ақпарат берген еді. Қазір міне сол домбыра ретке келтіріліп, реставрациядан өтіпті. Айтыңызшы өзіңіз толығырақ бастапқыда домбыраның түрі, жағдай қандай еді?
- Бұл Ахмет Байтұрсынүлының домбырасы. Менің қолыма келгенде бет тақтайы ортасынан жоқ болды. Сынған жартысы, ескірген. Сосын құлақтары жоқ болды, арты жарылған еді. Соны бәрін орнына келтіріп, желімдеп, құлағын салып, бет тақтайын ауыстырдым.
- Аяқталса қайда апарып тапсырасыздар?
- Бұны енді Байтұрсынұлының музейіне тапсырылады.
Жақсы енді, міне алдыңызға бір аспаптың бөлінділерін шашып қойыпсыз. Осы жұмысыңыз туралы айтып жіберіңізші.
- Бұл үнді халқының көне ситара деген аспабы. Музейденосылай шашылып қалған. енді орын орнына келтіріп желімдеуіміз керек.
Ата өнері – балаға мұра дейді. Сол мұраны көзінің қарашығындай сақтап, оны сіз бен дымқылдан, шаң мен тозаңнан қорғап, жәдігерлердің құндылығын қаз қалпында ұстап отырған шеберлер мен реставраторлардың біз біле бермейьін машақатты жұмысының бір үзігіне куә болдық. Бүгінгі мұражайға жасаған шағын саяхатымыз осындай болды.
Назкен Еркін, Сағындық Нарықов, Жақсылық Тілепберген «Алматы» телеарнасы