Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Бұл күн мереке ретінде Президент Жарлығына сәйкес 2013 жылы бекітілген. Атаулы датаға орай Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрында конференция өтті. Шараға қатысқан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 40-тан аса мәдениет қызметкеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыстады. Ал, құрылғанына 20 жыл толған «МузАрт» тобы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын алды. Сондай-ақ, 8 адамға министрліктің «Құрмет грамотасы» берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Пандемиядан абыроймен шыққан салалардың бірі осы мәдениет саласы екенін атап өткім келеді. Карантиндік шектеулерге байланысты барлық театрлар, мұражайлар, кітапханалар жабылды. Осы кезде цифрландыру саласы бойынша көп жұмыс атқарылып, біз жұмысты онлайн форматта жалғастыра алдық. Сондықтан мен өз міндетін лайықты түрде атқарған мәдениет және өнер қайраткерлеріне алғысымды білдіргім келеді», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.