Елордадағы «Барыс Аренада» бүкіл зал әйгілі қазақ әнін орындады

22.09.2024 17:44

Марат Омаровтың танымал әні аналарға арналды 

Астана әкімдігі

Елордадағы «Барыс Аренада» ерекше оқиға болды. 12 мың көрермен You Fest жастар фестивалінде қазақтың әйгілі «Анашым» әнін бірге орындады, деп хабарлайды Аlmaty.tv елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Марат Омаровтың танымал «Анашым» әні аналарға арналды және бүкіл зал бірігіп, бір мезетте орындап, ерекше әсер берді», - делінген хабарламада.

You Fest фестивалі – бұл жай ғана музыкалық іс-шара емес, еліміздегі жастар мен мәдениеттің дамуына ықпал ететін ерекше қозғалыс.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде 90-нан асқан кейуана тоғыз баласын сотқа берді