Алматыда доллар 447 теңгеден сатылып жатыр

08.05.2022 15:35

Сағат 10:00-дегі валюта бағамы

cabotwealth.com

Алматыда доллар 447 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кеше KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 6,65 теңгеге көтеріліп, 434, 47 теңге болып белгіленген болатын.

Ал бүгін Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 444, сатып алу – 447 теңгеге бағаланып жатыр.

Бұл 6 мамырдағы көрсеткішпен салыстырғанда АҚШ долларының 9 теңгеге өскені байқалады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427, 80 теңге болып белгіленген еді.