Доллар бағамы төмендеді

10.03.2022 16:22

Ұлттық банк мәліметінше, 10 наурыздағы доллардың ресми бағамы 510 теңге

Gettyimages.ru

Теңгеге шаққандағы доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,38 теңгеге төмендеп, 508,62 теңгеге тең болды. Ұлттық банк мәліметінше, 10 наурыздағы доллардың ресми бағамы 510 теңге.

Kurs.kz деректері бойынша, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 515,97 теңге, сату - 519 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 515,52 теңгеден сатып алады, 519 теңгеден сатады.