Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 11,44 теңгеге төмендеп, 458,76 теңгеге тең болды
Долларың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 11,44 теңгеге төмендеп, 458,76 теңгеге тең болды. Ұлттық банк 30 наурызға белгілеген ресми доллар бағамы - 471,30 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 455,49 теңге, сатылым - 460,69 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 451,19 теңгеден сатып алады, 457,30 теңгеден сатады.