Ақша айырбастау пункттерінде доллар 461,17- 466,21 теңгеге сатылып жатыр
Елімізде доллар бағамы қайта көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Таңғы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 6,34 теңгеге артып, 465,49 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк 31 наурызға белгілеген доллардың ресми бағамы - 458,20 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 461,17 теңге, ал сатылымы - 466,21 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 462,97 теңгеден сатып алады, 467,03 теңгеден сатады.