Қор нарығында доллар бағасы арзандады

28.03.2022 16:30

Ұлттық банктің 28 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 494, 16 теңге

secretmag.ru

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 27 наурыз кешімен салыстырғанда 5, 16 теңгеге төмендеп, 1 доллар 489, 10 теңге болды.

Ұлттық банктің 28 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 494, 16 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 484, 96 теңге, сатып алу – 490 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 485,49 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 490,07 теңге.