Бүгін доллар қайта қымбаттады

02.03.2022 в 16:40

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1 наурыз кешімен салыстырғанда 6,68 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 492, 21 теңге болды. Ұлттық банктің 2 наурыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 487, 75 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 491,54 теңгеден сатылса, сатып алу – 496,58 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 492,23 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 495,72 теңге.

Теги: валюта