Доллар бағамы 20 қаңтардың кешімен салыстырғанда 0,11 теңгеге төмендеп, 1 доллар үшін 418,54 теңгені құраған
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 20 қаңтардың кешімен салыстырғанда 0,11 теңгеге төмендеп, 1 доллар үшін 418,54 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 21 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 418,67 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 419,63 теңгеден сатылса, ал сатып алу - 418,12 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 419,65 теңгеге сатылып жатыр, ал сатып алу - 418,56 теңге.