Еліміздің қор нарығында доллар арзандады

17.03.2022 17:02

Доллар таңертеңгі сауда бойынша үш теңгеге арзандады

ustaliy.ru

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 16 наурыз кешімен салыстырғанда 2,69 теңгеге төмендеп, 1 доллар 506, 31 теңге болды.

Ұлттық банктің 17 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 508, 94 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағасы 508, 81 теңге, сатып алу – 513, 95 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату 509, 61 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 514, 92 теңге.