Доллар тағы 10 теңгеге арзандады

29.03.2022 17:06

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 467, 43 теңге, сатып алу – 473, 06 теңге

total.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 28 наурыз кешімен салыстырғанда 10,13 теңгеге төмендеп, 1 доллар 473, 61 теңге болды.

Ұлттық банктің 29 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 484, 49 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 467, 43 теңге, сатып алу – 473, 06 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 466, 67 теңгеден болса, сатып алу құны – 472,08 теңге.