Ұлттық банктің 4 сәуірдегі ресми бағамы -1 доллар үшін 472, 56 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3 сәуір кешімен салыстырғанда 85 тиынға өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 473, 66 теңге болды. Ұлттық банктің 4 сәуірдегі ресми бағамы -1 доллар үшін 472, 56 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471 теңгеден сатылса, сатып алу – 476 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 470, 17 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 475 теңге.