14 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 436, 18 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,42 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 435, 92 теңге. Ұлттық банктің 14 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 436, 18 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 434,89 теңге, сатып алу – 439 теңге.