Алматыда Ресей рублі 8,1 – 8,5 теңге аралығында саудаланып жатыр

23.06.2022 17:42

Ал АҚШ валютасының бағамы бүгін бірден 10 долларға көтеріліп, теңгеге шаққандағы құны 462 теңгеге дейін жетті

фото: Pixabay

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 8,1 - 8,5 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бір рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы 8,4 теңгеге жетті.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 23 маусымдағы жағдай бойынша Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,32 теңгеге өсіп, 8,54 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 8,1 – 8,5 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал Нұр-Сұлтанда 7,85 – 8,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Айта кетейік, KASE-де рубль екінші күн қатарынан қымбаттап жатыр. Ал АҚШ валютасының бағамы бүгін бірден 10 долларға көтеріліп, теңгеге шаққандағы құны 462 теңгеге дейін жетті.

Теги: рубль