Доллар бағамы 396 теңгеге дейін арзандады

03.06.2020 17:59

Қазақстанда мұндай көрсеткіш соңғы рет наурыз айында тіркелген

Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы күрт төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

3 маусымдағы таңғы сауданың қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 396,77 теңгеге тең болды.

«Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа бағамы 2020 жылғы 3 маусымда 396,77 теңге болған. 2 маусым күнгі көрсеткішке қарағанда (402,79 теңге/$ 1), ұлттық валюта 6,02 теңгеге қымбаттады», - деп жазады Kurs.kz.

Еске салайық, Қазақстанда мұндай көрсеткіш  соңғы рет наурыз айында тіркелген болатын.