Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464, 85 теңге
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде дүйсенбімен салыстырғанда доллар бағамы сәл артты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Kurs.kz деректері бойынша Алматыда доллар бағамы 471 – 476,50 теңге аралығында құбылып тұр.
11 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,86 теңгеге арзандап, 465,26 теңге болған.
Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464, 85 теңге.