Доллар бағасы тағы қымбаттап, 492 теңгеден сатылып жатыр

03.03.2022 22:02

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,97 теңгеге өскен

newtimes.kz

Доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,97 теңгеге өскен. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 492, 28 теңге. Таңғы саудада доллар бағамы 489,57 теңгеге тең болды Айта кетейік, Ұлттық банк дерегі бойынша, доллардың 3 наурыздағы ресми бағамы - 490, 43 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 498, 38 теңге, сатып алу - 504,12 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 495,24 теңгеден болса, сатып алу құны - 498, 50 теңге.