Қор нарығында доллар бағамы қайта көтерілді

25.08.2022 20:41

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 465,05 теңге

intelliversity.org

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,76 теңгеге қымбаттады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 465,05 теңге. 

Ұлттық банктің 25 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 461,98 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 472 теңге, сатып алу – 468 теңге.