Қор нарығында доллар арзандап жатыр

20.01.2023 20:42

1 доллар үшін 462, 77 теңге

twitter.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,30 теңгеге төмендеп, 1 доллар 462, 55 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 20 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462, 77 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 462,5 теңге, сатып алу – 465 теңге.