8 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 473,54 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,34 теңгеге төмендеп, 1 доллар 472,17 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 8 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 473,54 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 472,5 теңге.
Оқи отырыңыз: 8 желтоқсандағы валюта бағамы