Қор нарығында доллар бағамы көтерілді

19.08.2022 20:45

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 476,43 теңге

kyzylorda-news.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,42 теңгеге қымбаттады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 476,43 теңге. 

Ұлттық банктің 19 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 475,94 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 479 теңге.


Оқи отырыңыз: 19 тамызға арналған валюта бағамы