24 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462, 36 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 5,43 теңгеге төмендеп, 1 доллар 457, 29 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 24 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462, 36 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 456 теңге, сатып алу – 460 теңге.