Қор нарығында доллар бағамы сәл төмендеді

01.12.2022 20:45

1 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 468,90 теңге

newsbtc.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,45 теңгеге төмендеп, 1 доллар 468,45 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 468,90 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 471 теңге, сатып алу – 467,5 теңге.

Оқи отырыңыз: 1 желтоқсандағы  валюта бағамы