Доллар бағамы тағы төмендеді

07.04.2022 20:55

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 464,41 теңгеге сатылып жатыр

onlinezayavkanacredit.ru

Доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,99 теңгеге төмендеп, 458,87 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 7 сәуірдегі ресми бағамы - 462,22 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 461,15 теңге, ал сатылым - 464,41 теңге.