3 қазандағы доллардың ресми бағамы

03.10.2022 20:48

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,02 теңгеге төмендеп, 475,51 теңгеге тең болды

lombardiletter.com

Доллар теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,02 теңгеге төмендеп, 475,51 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 1-3 қазандағы ресми бағамы - 476,71 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 475  теңге, сату – 479 теңге.