Қор нарығында доллар бағамы сәл төмендеді

17.11.2022 20:49

17 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 459,35 теңге

istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,31 теңгеге төмендеп, 1 доллар 459,05 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 17 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 459,35 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 465 теңге, сатып алу – 461,5 теңге.

Оқи отырыңыз: 17 қарашадағы валюта бағамы