Қор нарығында доллар қымбаттады

16.03.2023 20:50

16 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 464, 79 теңге

profile.ru

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,39 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 466, 15 теңге.

Ұлттық банктің 16 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 464, 79 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 462 теңге, сатып алу – 467 теңге.