Доллар бағамы тағы да өсті

21.04.2022 20:51

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 448,69 теңгеге сатылып жатыр

cabotwealth.com

Ұлттық банк доллардың 21 сәуірдегі ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмада доллар бағамы 444,04 теңгеге тең болады. Айта кетейік, америкалық валютаның 21 сәуірдегі ресми бағамы - 444,03 теңге.

Рубльдің 21 сәуірдегі ресми бағамы - 5,76 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 445,32 теңге, сатылым - 448,69 теңге.