Доллар 7 теңгеге қымбаттады

26.05.2022 20:52

26 мамырдағы ресми бағамы 415,12 теңге

flyertalk.com

Доллар 7,78 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,78 теңгеге қымбаттап, 422,57 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 26 мамырдағы ресми бағамы 415,12 теңге болған.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы 427 теңге, ал сатылымда - 432 теңге.