Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

12.09.2022 20:53

12 қыркүйектегі ресми бағамы - 478 теңге

bigcountry1077.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,25 теңгеге төмендеп, 471,99 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 12 қыркүйектегі ресми бағамы - 473,35 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 474 теңге, сату - 478 теңге.

Оқи отырыңыз: 12 қыркүйекке арналған валюта бағамы