Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

27.03.2023 20:54

27 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 457,29 теңге

9111.ru

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,66 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 458,87 теңге.

Ұлттық банктің 27 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 457,29 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 455 теңге, сатып алу – 459 теңге.