Қор нарығында доллар 6 теңгеге арзандады

29.03.2023 20:54

Ұлттық банктің 29 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 455, 00 теңге

artfile.ru

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 6, 35 теңгеге төмендеп, 1 доллар 448,39 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 29 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 455, 00 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 447 теңге, сатып алу – 451 теңге.