1 доллар үшін 448, 31 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,16 теңгеге төмендеп, 1 доллар 445, 12 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 448, 31 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 444 теңге, сатып алу – 446,5 теңге.