Қор нарығында доллар тағы 7 теңгеге арзандады

13.05.2022 в 20:55

Ұлттық банктің 13 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 434, 76 теңге

artfile.ru

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7, 13 теңгеге арзандап, 1 доллар 427, 84 теңге болды.

Ұлттық банктің 13 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 434, 76 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 432, 42 теңге, сатып алу – 438, 41 теңге.