Доллар 4 теңгеге төмендеді

03.03.2023 20:55

3 наурыздағы ресми бағамы - 435,69 теңге

liambi.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 4,45 теңгеге төмендеп, 431,08 теңге болды. 

Айта кетейік, доллардың 3 наурыздағы ресми бағамы - 435,69 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 431,94 теңге, сату – 437,04 теңге.