Доллар бағамы қайта көтерілді

12.04.2022 20:56

12 сәуірдегі ресми бағамы - 449,53 теңге

michael-koeppel-ypgf.squarespace.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,11 теңгеге өсіп, 449,74 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 12 сәуірдегі ресми бағамы - 449,53 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 450,79 теңге, сатылым - 453,96 теңге.