Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

05.10.2022 20:57

5 қазандағы ресми бағамы - 472,68 теңге

offshorelivingletter.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,54 теңгеге төмендеп, 470,06 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 5 қазандағы ресми бағамы - 472,68 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 471 теңге, сату - 475 теңге.

Оқи отырыңыз: 5 қазанға арналған валюта бағамы