22 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 463,55 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,74 теңгеге төмендеп, 1 доллар 462,75 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 463,55 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 466,5 теңге, сатып алу – 463 теңге.
Оқи отырыңыз: 22 қарашадағы валюта бағамы