24 мамырдағы ресми бағамы 424,84теңге
Доллар бағамы тағы да құлдырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,68 теңгеге төмендеп, 416,79 теңге болды.
Айта кетейік, доллардың 24 мамырдағы ресми бағамы 424,84 теңге болған еді.
Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы 416,5 теңге, ал сатылымда - 420,5 теңге.