Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 437, 63 теңге
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 6,65 теңгеге көтерілді.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 434, 47 теңге.
Ұлттық банктің 6 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427, 80 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 437, 63 теңге, сатып алу – 443,18 теңге.