15 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 468,52 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,22 теңгеге төмендеп, 1 доллар 468,56 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 15 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 468,52 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 472 теңге, сатып алу – 469 теңге.
Оқи отырыңыз: 15 желтоқсандағы валюта бағамы